«Таза сессия - ҚР-ғы сапалы білімге апаратын жол» - Алматыдағы жарыссөз сайысы

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы энергетика және байланыс университетінде «Таза сессия - ҚР-ғы сапалы білімге апаратын жол» атты жарыссөз сайысы өтуде.
None
None

Оның басты мақсаты - студенттердің құқықтық сана-сезімі мен белсенді азаматтық ұстанымын, ҚР Жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзылуына төзбеушілігін қалыптастыру.

 Сайысқа ЖОО-ның жастар істері бойынша комитеттерінің басшылары мен студенттік ұйымдардың төрағалары қатысуда.

 Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы мен қаржы полициясы бірігіп өткізуде.

Соңғы жаңалықтар