«Таза сессия» жемқорлықтың алдын алады» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 27 қазан, сейсенбi күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Дау-дамайлы істердің қаралып, шешімін табар жері, негізінен, аудандық және оған теңестірілген соттар. Наразылық пен жоғарыға шағымдану да осыдан бастау алады. Сот шешіміне екі жақтың да келіспей жататын кездері аз емес. Мұның бірнеше себептері бар. Аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысында кездесетін кемшіліктердің басым көпшілігі төрағалардың сот жұмысын тиісті дәрежеде ұйымдастырмауынан орын алатыны ащы болса да шындық. «Ұйымдастыра білген ұтады», - демекші әрбір төраға өз ұжымында жұмысты ұршықша үйіргенде ғана сот беделі өсіп, іс ілгері баспақ. Әрине, халық өз конституциялық құқығын тек заң арқылы қорғай алатынына көзі жетіп сотқа бұрынғыға қарағанда, көбірек жүгіне бастады. Дегенмен, көпшілік сотқа әлі де үркектеп қарайтынын мойындауымыз керек»,-деп жазады Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров

«Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген « Көпшілік соттан неге үркеді?» атты мақаласында. Басты себеп, көпшіліктің заңды білмеуінен, дәлірек айтсақ заң жү­зін­дегі сауатсыздығынан. Әрине, судья­лар тарапынан кетіп жататын кем­ші­ліктер де кездеспей тұрмайды. Іс­тің қарау мерзімін созып, не атүсті қа­рап, қаралған істің хаттамасы заң­да көрсетілген мерзімде дайын бол­май, қабылдаған сот актісінің көшір­месін уақытылы бермей, алдына арыз-шағыммен келген кісіге көңіл бөл­меу, дұрыс қабылдамай, тіпті, кей­де қабылдамай қою, дөрекі мінез көр­сету т.б. толып жатқан судья әдебіне жат қылықтар туындап жататынын ащы да болса ашып айтуымыз керек. Осының бәрі сот қабылдауына кел­ген азаматтардың орынды өкпе-реніш­терін тудырады.

Бас басылымда « Каспийде жоғалған үш балықшы» атты материал берілген.

Оқиға қазан айының 16-да Түпқараған ауданының аумағындағы Қаражанбас кен орнына жақын маңда орын алды. Ақтау қаласынан 215 шақырым қашықтықта резеңке қайыққа отырған үш балықшы жағаға қайтып оралған жоқ.

17 қазан күні кешкі сағат 17.43-тер шамасында бұл оқиға Маңғыстау облыстық төтенше жағ­дайлар департаментіне хабар­ланған. «Ақтау-Балық Компания» ЖШС-інен суыт хабар түсісімен аталмыш департаменттің жедел-құтқару тобы мен ба­лық қорғау инспекциясының қыз­меткерлері жұмылып, іздестіру жұмыстарын бастады. Олар ауда­рылған қайықты тапты, алайда балықшылардан әлі дерек жоқ. Куәгерлер аталмыш қайықтан судан құтқаруға арналған күртешелердің табылғандығын айтса, мамандар теңіз үстінде төңкерілген резең­ке қайықтың жоғалған балық­шыларға тиісті екендігін айтуда. Дәл бүгін балықшыларды із­деуге теңіз үстіне тікұшақ көте­рілді. Маңғыстау облыстық Төтен­ше жағдайлар Департаменті бас­пасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін тікұшақпен іздеуге Маңғыстаудағы секундына 20-25 метрлік жылдамдықпен соққан жел мен шаңды дауыл мүмкіндік бермепті. Қайықта болған 1963, 1973 және 1975 жылы туған азаматтар екені айтылуда. ***

«Еліміздің ЖОО-да емтихан мен сессия кезінде жол берілетін жемқорлықпен күресу партияның негізгі идеологиялық жұмысы болмақ. Бүгінде білім ордаларында бірқатар жемқорлық фактілері анықталып жатқаны жасырын емес. Партиялық «STOP-ҚЫЛМЫС» жобасының негізгі тапсырмаларының бірі - қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, қаржылық қылмысты болдырмау. Осы жоба аясында жоғары және орта білім беру мекемелерінде «Таза сессия» атты республикалық акция өткізу жоспарлануда»,-деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі санындағы «Таза сессия» жемқорлықтың алдын алады» атты мақаласында. Білім ордалары бұл істі бірлесе атқарып, үлкен жауапкершілікпен қарау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі ректорлармен Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөнінде декларацияға қол қойды. ЖОО-дағы жем­қорлыққа қарсы әрекет жобасын үйлестіру­шілер кеңесінің отырысында мөр басылған бұл құжатқа әзірге еліміздегі тоғыз білім ор­даларының ректорлары қол қойып үлгерді. Олардың қатарында Рудный индустриалдық институты, Қазақ педагогикалық универ­ситеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Еуразия ұлттық университеті, сондай-ақ Қарағанды техникалық мемлекеттік уни­верситеті бар. Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев жақын арада бұл тізімді еліміздің түгел дерлік білім ордалары толықтырады деген сенім білдірді.

Осы басылымда «28 панфиловшылар туралы фильм түсіріледі» деген мақала жарық көрді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Италияның мұрағатынан Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған «Кодекс куманикус», яғни қыпшақ тілі сөздігінің электронды нұсқасын елімізге әкелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

- Мәдениет және спорт ми­нис­тр­лігі мен Италияның Мұрағат ко­ми­теті арасында тиісті келісім бар. Осы келісімнің арқасында жақсы жұ­мыстар атқарылуда. Мысалы, Ита­лияның мұрағатында Дешті Қып­шақ кезеңінде жазылған «Ко­декс куманикус» шығармасының түпнұсқаға жақын түрі сақталған. Осы келісімнің арқасында біз бұл құ­жаттың электронды нұсқасын Қазақстанға әкелдік, - деген министр бо­лашақта тарихи құжат негізінде кі­тап шығуы мүмкін екенін атап өтті. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бұдан өзге Италияның мұрағатынан ұлтымыздың тарихына байланысты басқа да құжаттар та­былған.

- Жалпы, Италияның мәдениет және туризм министрлігі мұрағаттар бас дирекциясымен арадағы қарым-қа­тынас өз тиімділігін көрсетіп отыр. Осы байланыстың арқасында біздің та­рихымызға қатысты өте көне кар­таны ұсынған Ватикан және Рим мұ­рағаттарына да алғыс айтамыз, - де­ді А.Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ бірнеше күн бұрын Ре­сейдің бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында 28 гвардияшы-панфи­лов­шылар туралы фильмнің түсіріліміне Қазақстан 80 млн теңге бөлді деген ақ­парат жарияланғаны белгілі. Елі­міздің Мәдениет және спорт ми­нистрі бұл ақпаратты растады.

***

«Ана тілі» газетінің соңғы санында «Журналистиканың академигі атанды» деген материал берілген.

Жуырда Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, белгілі ақын, публицист Жанарбек Әшімжанға Қазақстан Журналистикасы Академиясының академигі дипломы табыс етілді.Дип­ломды Қазақстан Журналистикасы Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев салтанатты түрде тапсырып, диплом иелерінің БАҚ саласында атқарып келе жатқан ерекше еңбегін атап өтіп, толайым табыс­тар тіледі. Аталған шараға Қазақстан Журналистикасы Академиясының академиктері, қаламгерлердің әріптестері қатысып, ізгі лебіздерін білдірді.

Белгілі ғалым, қарымды қаламгер Сағым­бай Қозыбаев Қазақстан Журналистикасы Академиясының отандық журналистика саласының мәртебесін кө­те­рудегі үлесіне тоқтала келіп, әріптестеріне шы­ғар­машылық табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар