Тазалықты сақтаңыздар: Қытайда энтеровирус жұқтырғандар көбеюде
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Мәдина Мейірім/ - Қытайдың Шанбдун провинциясында ішек таяқшасы індетінен қайтыс болған балалардың саны өткен аптада он бірге жетті. Көбіне 10 жасқа дейінгі балалар шалдығатын инфекцияның бірінші құрбаны 20 айлық бүлдіршін болды, ол наурыз айында шетінеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл провинцияда энтеровирусты жұқтырған балалардың саны 12 мыңға жуық. Әдетте жаз және күз айларында өршитін бұл ауру биылғы жылдың өзінде Қытайда 19 баланың өмірін қиды. Ал бүкіл ел бойынша бұл ауруды жұқтырудың 41 мың 840 оқиғасы тіркеліп отыр. Ауру ошағы көбіне ауылдық өңірлерде тіркелуде, дегенмен Гуанчжоу сияқты үлкен қалада да күніне 30 бала осы диагнозбен ауруханаға түсіп жатыр. Бұл аурудың алдын алудың айрықша құралы жоқ, тек жеке бастың тазалығын сақтау керек.