Тәж-Махал сарайында ілініп тұрған салмағы 60 келілік люстра құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Агра қаласындағы Тәж-Махал сарайының кіреберісінде ілініп тұрған салмағы 60 келілік люстраның құлап кетуіне байланысты іс қозғалды.

Тәж-Махал сарайында ілініп тұрған салмағы 60 келілік люстра құлап кетті

Бұл оқиғаны көргендердің айтуынша, екі метрлік биіктікте ілінген люстра оны музей жұмысшылары тазартып жатқанда құлаған. Абырой болғанда, осында жүрген туристердің ешқайсысы да зардап шеккен жоқ.

«Бұл мыстан жасалған аспашам шынжырға ілініп тұрған болатын. Мен тергеу жұмыстарын жеке өзім жүргіземін»,-дейді Үндістан археологиялық басқармасының аға археологы Буван Викрам Сингх.