Тәж Махалдың қымбат нұсқасы жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Мадхья-Прадеш штатының 35 шебері атақты Тәж Махал кесенесінің нұсқасын алтын-күміс және жауһар тастармен безендірді.

Тәж Махалдың қымбат нұсқасы жасалды

Бұл туралы www.muslim.kz сайты хабарлайды.

Әрине, аталған нұсқа алып кесененің кішірейтілген көрінісі. Алайда алтынмен апталып, күміспен күптелген кішкентай Тәж-Махалдың шынайы кесене құрылымы мен кескінінен айырмашылығы жоқ.