11:07, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Тәжік азаматы қомақты қаржыны Астанадан заңсыз алып кетпек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары қаржы-қаражатын жарияламай шекарадан өтіп кетуге әрекеттенген 35 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда, «Астана - Ташкент» бағытында ұшқалы тұрған HY 722 халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде аталған азаматтан жарияланбаған 20 400 АҚШ доллары, 51 000 өзбек сомы және 48 малазиялық ринггит табылды.
Аталған дерек бойынша процессуальды іс-әрекеттер жүргізілуде.