Тәжік билігі мектептердегі соңғы қоңырауға тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда мектеп түлектеріне арналған дәстүрлі мереке -соңғы қоңырауды өткізуге тыйым салынды.
None
None

Тәжікстан білім және ғылым министрі Нуриддин Саид барлық мектептерде соңғы оқу күні 7 маусым деген жарлыққа қол қойды. Салтанатты жиынның орнына сабақ өтпек, деп хабарлайды Би-би-си.

«Барлық білім беру мектептерінде 9 және 11 сынып түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» жиынын өткізуге тыйым салынсын», - деген жарлықтан үзіндіні келтіреді жергілікті БАҚ.

Соңғы жаңалықтар