Тәжік депутаттары орыс тілінің мәртебесін шектеу туралы заңды мақұлдады

АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Тәжікстанның төменгі палатасы республикадағы орыс тілінің мәртебесін төмендетуді білдіретін үкіметтің заң жобасын бекітті,

Тәжік депутаттары орыс тілінің мәртебесін шектеу туралы заңды мақұлдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

1989 жылы қабылданған «Тіл туралы» заң аз ұлттардың өкілдеріне - орыс диаспорасына - билік органдарымен хат-хабар алмасуға, мемлекеттік тілде де және өз тілдерінде де ресми ақпарат алуға мүмкіндік беріп келді. Егер жаңа ереже күшіне енетін болса, ел тұрғындары мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасау кезінде тек тәжік тілін ғана қолдануларына тура келеді.

Сонымен қатар, заң елдің барлық азаматтарын мемлекеттік тілді білуге міндеттейтін болады.