Тәжік есірткі тасымалдаушылары героинды қойытылған сүттің банкасына жасырып әкелген
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - «Алматы-Орал» пойызында 1 келіге жуық героинды қойытылған сүттің банкаларына жасырып әкелген жеті есірткі тасымалдаушыны ұсталды,
деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
«Ақтөбе шекара отряды қыркүйектің 29-ында «Алматы-Орал» пойызында Тәжікстанның жеті азаматын ұстады. Иісшіл иттің көмегімен олардың заттарын тексеріп, тінту кезінде шекарашылар жалпы салмағы 1 келіден астам ақ түсті ұнтақ, героинға ұқсас зат тапқан. Әлгілер есірткіні қойытылған сүттің банкаларына жасырып келген», деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.
Комитеттің Шекара қызметінің әскери қызметкерлері жыл басынан бері жалпы салмағы 1 тонна 120 келі есірткі заттарын алып өтудің 102 оқиғасының жолын кескен. Тәркіленген есірткі заттарының 101 келіден астамы героин болып шыққан.