Тәжік мектептерінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды

МӘСКЕУ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Тәжікстанның жалпы білім беретін мектептерінде оқушылар мен мұғалімдерге ұялы телефондарды тағып жүруге және пайдалануға тыйым салынды.
None
None
Бүгін ел парламентінің төменгі палатасының депутаттары білім беру туралы заңдарға түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Ұялы телефондарды пайдалануға жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына да тыйым салынды. Заңды бұзғандар айыппұл төлейді. «Бұл шара Тәжікстан президентіне келіп түскен көптеген өтініштерге байланысты қабылданды және білім беру мекемелерінде оқыту сапасын жақсартуға бағытталған. Елдің білім министрлігінің бұйрығымен республиканың білім беру мекемелерінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынған, бірақ бұл шара нәтиже бермеді, сондықтан да заңнамалық шаралар қабылданды», - деді депутат Додихудо Саймуддинов.
Соңғы жаңалықтар