Тәжік тарапымен шекарадағы жағдай бойынша келіссөздер нәтижелі жүріп жатыр - Разаков

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанның вице-премьер-министрі Жениш Разаков пен Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Азим Иброхим Қырғызстан-Тәжікстан мемлекеттік шекарасы аумағындағы жағдай бойынша келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжік тарапымен шекарадағы жағдай бойынша келіссөздер нәтижелі жүріп жатыр - Разаков

Келіссөздер өзара түсіністік, бауырластық және ынтымақтастық негізде өтті, деп хабарлады Қырғызстан үкіметінің аппараты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.

Келіссөздер барысында тараптар Баткен-Исфана, Исфара-Ворух тасжолдарын ашу бойынша келіссөздерге қол жеткізді.

«Біз тәжік тарапымен шекара аумағындағы жағдайды реттеу бойынша нәтижелі келіссөздер жүргіздік. Тараптар жағдайды тұрақтандыру және қарбаластықты жою мақсатында Баткен-Исфана, Исфара-Ворух тасжолдарын ашу бойынша келіссөздерге қол жеткізді. Жолдарды бүгін таңертең ашты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасында заңсыз әрекеттерге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Баткен және Соғды облыстық ӘӘБ қызметкерлерімен бірлескен қосымша патрульдеу қойылды. Бұдан бөлек, шекара аумағындағы елді мекендерді патруль бақылайды», - деді Жениш Разаков.

Жауапты қызметтер штаттық режімде жұмыс істеуде. Тараптар келіссөздер жүргізуді жалғастырып, жағдай бойынша деректер алмасып жатыр.


Еске сала кетсек, бұдан бұрын қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс туындады, жанжалға Ворух (Тәжікстан Республикасы) ауылындағы тұрғындардың елді мекеннің кіре берісіне флагшток орнатуы себеп болғандығы хабарланған болатын. Ал, қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс тоқтап, жағдай тұрақтала бастағандығы мәлімделді.

Атыс болған учаскедегі шекаралық бөлімшелер күшейтілген қызмет режіміне көшірілген. Сондай-ақ , кеше шекара маңында тұратын халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу кезінде Тәжікстан тарапынан Қырғызстан азаматына екі рет оқ атылған. Соның салдарынан ҚР Шекара қызметінің әскери қызметкері жараланды.