Тәжік жастарына Қазақстан ЖОО-ларында білім алуға квота бөлінеді
Кездесу барысында Н.Сейтімов Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқандығына қанағаттанатындығын атап өтті.
«Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің атауын Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымы деп өзгерту, Тәжікстанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы жарғысын ратификациялау және екі жақтың да мүддесін қозғайтын өзге де мәселелерді талқылады», - делінген Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігі таратқан ақпаратта.
Тәжікстан Президенті жанындағы Статистика агенттігі деректеріне сәйкес, 2017 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара тауар айланымының көлемі 192,9 млн. долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,8 пайызға артқан. Екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар да қарқынды даму үстінде.
Осы айда Душанбеде білім күні шарасы ұйымдастырылып, оның аясында шамамен қазақстандық 30 жоғары оқу орны таныстырылатын болады және Қазақстанның университеттерінде білім алуға квота бөлу үшін тәжік жастары арасында сынақ өткізіледі.