Тәжікстан азаматтары Қазақстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары Тәжікстанда, тәжікстандықтар қазақ елінде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Атап айтқанда, отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Келісімге 2018 жылы 14 наурызда Астана қаласында қол қойылды.

«Келісім азаматтардың екі тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз және тараптар аумағында жалпы 90 күн болуын көздейді. Келісімді ратификациялау тараптардың аумағындағы азаматтардың болу мәселелерін құқықтық реттеуге мүмкіндік береді. 2018 жылы шілдеде келісім Тәжікстан парламентімен ратификацияланған. Осы заңды қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды», - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Соңғы жаңалықтар