Тәжікстан азаматы пойызбен ірі көлемдегі героинды алып өтпек болған
АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы пойызда екі келі 850 грамдық героинды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі көлемдегі есірткі өткен аптада Жамбыл облысындағы «Мерке» шекаралық тексеріс бекетінде тәркіленген. Тексеріс барысында жолаушының бірінің сөмкесі күдік тудырған. Оның сөмкесі екі қабатталынып, ортасына героин жасырылғандығы анықталған.
Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.