Тәжікстан электр энергиясын Ауғанстан мен Қырғызстанға экспорттауды жалғастырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікістан Секундына 2 млн кВт-дан сәл асатын энергия көлемі Ауғанстан мен Қырғызстанға экспортталады. Соның ішінде, Ауғанстанға тәулік сайын сағатына 1,8 млн. кВт экспорттайды, деп хабарлады Avesta.Tj.
Еске салсақ, Тәжікстанда ауыл тұрғындарына электр энергиясын беруге шектеу енгізілді, статистикалық деректер бойынша елдің 73 пайыз халқы ауылда тұрады.
Авестаның мәліметіне сүйенсек, Тәжікстанның Нүрек су қоймасы ауданындағы Вахш өзенінің ағыны соңғы аптада 19 текше метрге төмендеді. Шығарылатын энергияның жалпы көлемінен шамамен 37,5 млн. электр қуаты ішкі нарыққа жұмсалады.