17:38, 28 Сәуір 2018 | GMT +6
Тәжікстан мен Түркия парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарада Түркия Республикасындағы Тәжікстан Республикасының елшісі Махмадали Раджабиёна Тәжікстан-Түркия Парламентаралық достық тобының төрағасы Мехмет Али Джевхеримен кездесті, деп хабарлайды НИАТ «Ховар» Тәжікстан СІМ-іне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық жағдайы мен осы бағытта байланысты кеңейту қажеттігі туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ, тараптар Тәжікстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастық үдерісінде екі елдің парламентаралық достық топтарының маңызды рөлін атап өтіп, Тәжікстан Республикасы мен Түркия Республикасы парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қолдау білдірді.