Тәжікстан президенті өз ұлын Душанбе мэрі етіп тағайындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбе мэрі Махмадсаид Убайдулоевты қызметінен босатып, орнына өзінің үлкен ұлын тағайындады, деп хабарлайды РИА Новости астаналық мэриядағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
"Убайдулоев бұл қызметте 15 жылдан бері еңбек етті. Оның орнына президент өзінің үлкен ұлы, Сыбайлас жемқорлықпен күрес және қаржылық бақылау агенттігінің жетекшісі болған Рустам Эмомалиді тағайындады", - деді агенттікке сұхбат беруші.
Оның мәлімдеуінше, Тәжікстан астанасы мэрінің орынбасарлары және қала аудандарының төрағалары алмасты.