Тәжікстан президенті шетелдік журналистерге қандай сыйлық жасады

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің саммиті бойынша баспасөз мәслиxаты өтті. Сол жерде Тәжікстан президенті Эмомали Раxмон шетелден келген журналистерге арнайы сыйлық дайындап қойғанын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәжікстан президенті шетелдік журналистерге қандай сыйлық жасады

«Бүгін мен сіздер келер алдында арнайы тапсырма бердім. Журналистер, операторлар - барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне президенттің шағын сыйлығы беріледі. Әрбір журналист алады. Ішінде кептірілген жемістер, «торпедо» дейтін қауын және гранат бар. Бола ма? Болады деп ойлаймын. Сіздерге көп рақмет!», - деді Э.Раxмон.

nullАйта кетейік, бүгін Тәжікстан астанасы - Душанбе қаласында ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті саммиті өтті. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде ғарышты бірлесіп игеруге қатысты келісім де бар. 

  null

«ҚазАқпарат» агенттігі ТМД басты органы - Президенттер кеңесінің кезекті отырысы алдында бұған дейінгі жиындарға шолу жасап, қабылданған шешімдерді пысықтап шыққан болатын. Ал Ақорданың баспасөз қызметі тарихи маңызы бар фотосуреттерді ұсынды.