Тәжікстан президентінің партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурызда Тәжікстанда өткен парламенттік сайлауда елдің Халықтық-демократиялық партиясы жеңіске жетті.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон басқаратын партия 65,2% дауысқа ие болды.
Өткен сайлауда 8% дауыс жиып, «билік партиясының» негізгі бәсекелесі деп есептелген Ислам партиясының бұл жолғы көрсеткіші 1,5% ғана.
63 депутаттық орыннан тұратын Тәжікстанның жаңа парламентінде Тәжікстан Халықтық-демократиялық партиясы 16 депутаттық мандатқа,
Аграрлық партия - 3, Экономикалық реформалар партиясы - 2, әлеуметтік партия 1 орынға қол жеткізді.
Тағы 41 депутат бір мандатты округтерден сайланады.