Тәжікстан президентінің туысын өлтірген күдікті ұсталды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері бүгін республика президенті Эмомали Рахмонның туысы - Холмумин Сафаровты өлтірген күдіктіні қолға түсірді,

Тәжікстан президентінің туысын өлтірген күдікті ұсталды

 деп хабарлады Лента. ру тәжікстандық ІІМ-нің өкілдеріне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстан ІІМ-нің өкілдері қанішердің есімін және оны қылмысқа не итермелегенін хабарламай отыр. Олар тек күдіктіні жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында қолға түсіргендерін мәлім етті.

57 жастағы Холмумин Сафаров Тәжікстан президентінің үлкен апасының күйеуі. Ол «Орман шаруашылығы және аңшылық» кәсіпорнын басқарған. Сафаров 14 маусымға қараған түні Душанбеде қалалық теміржолдан алыс емес жерде өлтірілген. Президенттің туысына бірнеше оқ атылған, содан кейін шабуыл жасағандар іздерін суытқан. Сафаров алған жарақатына байланысты оқиға орнында көз жұмды.