Тәжікстан президентінің «ұлы» ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Душанбе қаласында өзін президент Эмомали Рахмонның ұлымын деп жүрген мектеп оқушысын ұстады.
Ол тәжік шенеуніктерінен пара алып, оларға тапсырма да беріп жүрген, деп хабарлады елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосынан.
Хабарламаға сенсек, Душанбе халықаралық мектебінің 10-сынып оқушысы Хушдил Курбонов өзін президент Рахмонның ұлы - Сомони Эмомали деп таныстырып, жерге қатысты келісім жасауға көмектесемін деп 50 мың долларды қалтасына басқан.
Сонымен қатар, айлакер оқушы тәжік шенеуніктерінің біріне телефон соғып, дереу осы мәселені шешуді талап еткен, деп жазды ВВС.
Билік қылмыстық іс қозғады.