Тәжікстан президентінің Ыстықкөлге сапарына байланысты жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Ыстықкөл облысына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның келуіне байланысты өңірде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғыз Республикасы ІІМ ЖҚҚҚББ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәжікстан президентінің Ыстықкөлге сапарына байланысты жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Оның мәліметіне сәйкес, 26-28 шілде аралығында Қырғызстанға жұмыс сапарымен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келеді.

«Президент кортежінің еш кедергісіз жүріп өтуі және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ыстықкөл ауданында жол-патрульдік полиция қызметінің қосымша жасағы қойылады, сондай-ақ, кортеж жүріп өтетін уақытта Тамчы ауылының жолынан Бөстері ауылына дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады» , - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Қырғыз Республикасы ІІМ ЖҚҚББ жүргізушілерден түсіністікпен қарауларын және жол қозғалысы ережелерін сақтауларын сұрайды.