Тәжікстан шекарасында қаза тапқан жауынгерлер есімі ұлықталды

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Осыдан 17 жыл бұрын Тәжікстан шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топтарға қарсы тұрып, ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгерімізді еске алуға арналған

Тәжікстан шекарасында қаза тапқан жауынгерлер есімі ұлықталды

Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыс бойынша кубогі биыл тұңғыш рет республика деңгейінде өткелі отыр. Бұл әскер қатарындағы сарбаздарымызды отансүйгіштікке, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелейтін маңызды шара болып табылады.

Бүгін Астанада жалауын желбіреткен 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыс бойынша кубогінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы, генерал-майор Руслан Жақсылықов осылай деді.

Оның айтуынша, 2009 жылдың сәуір айында Астана қаласындағы Отан қорғаушылар алаңында 17 жауынгердің атына Естелік аллеясы ашылды. Осы алаңда жыл сайын жас сарбаздардың Отанға ант беру салтанатын өткізу дәстүрге айналған.

Сондай-ақ, боздақтардың есімдері еліміздегі көшелер мен саябақтарға беріліп, әскери бөлімдерде ескерткіштер ашылған. Бұл оқиға туралы естелік кітап жарыққа шығып, «Қазбат» атты деректі фильм де түсірілген.

Жарысқа Президент күзет қызметі, ІІМ Ішкі әскері, ҰҚК және басқа да күш-құрылымдарының командалары қатысады. Сайыс 14-16 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда.