Тәжікстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін, 9 қыркүйекте Тәжікстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде.

Тәжікстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде

Бүкіл ел бойынша мерекелік шаралар өтіп жатыр. Душанбенің орталығындағы елдің басты «Дусти» («Достық») алаңында әскери шеру өтті. Алаңмен Душанбе гарнизоны, сонымен қатар Тәжікстандағы 201-ші Ресей әскери базасының әскери қызметшілері, Ауғанстан, Иран, Үндістан мен Франция қарулы күштерінің өкілдері жүріп өтті. Әскери шеруге барлығы 10 мың әскери қызметші қатысты, оның ішінде 650-ден астамы шетелдік әскерилер.

Әскери шеру аяқталғаннан кейін, Ресейдің Энгельс қаласынан бағыт алған екі МИ-8 тікұшағы, үш L-39 ұшағы, бір АН-24, бір АН-2, сонымен қатар екі ТУ-95 бомбалаушы ұшақтары бір қатармен ұшып өтіп, Душанбе қаласының аспанымен өткеннен кейін, орналасқан әуежайларына қайта қайтты.

Содан кейін алаңда 20 мыңнан астам мектеп пен ЖОО оқушылары, сондай-ақ 2 мыңнан астам қаланың түрлі кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмысшылары қатысқан мерекелік қойылым көрсетілді.

Қатысушылар алаңға жалпы салмағы 860 келі болатын ұзындығы - 2011 метр, ені - 7 метр Тәжікстанның мемлекеттік туын алып шықты. Мерекелік шаралар мәресіне жеткеннен кейін бұл Ту республиканың ұлттық мұражайына беріледі, деп хабарлайды CA-News.