Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанда кедейшілік күрт өсіп отыр

ВАШИНГТОН. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/- Жаһандық экономикалық дағдарыс әлемдегі 107 дамушы елдің 40 пайызында кедейшілік ауқымының күрт өсуіне әкеліп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дүниежүзілік банктің жаңа баяндамасында мұндай мемлекеттердің қатарына Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері де жатқызылып отыр. Олардың ішінде, соңғы аталған ел кедейшіліктің деңгейі ең жоғары ел санатында аталуда. Дүниежүзілік банктің бағалаулары бойынша, экономиканың баяулауы нәтижесінде 2009 жылы әлемде күнделікті күнкөрістері 1,25 доллардан аспайтын адамдардың саны 46 миллионға жетеді. Тағы 53 миллион адам күнделікті кірістері 2 долларды және одан төменді құрайтындардың қатарын толықтырады. Азық-түлік пен отын бағасының қымбаттауы 2008 жылы 130-150 миллиондай адамды кедейшілікке ұшыратты.
Соңғы жаңалықтар