Тәжікстанда 12 мың жазасын өтеуші рақымшылықпен босатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда 12 мың жазасын өтеуші рақымшылықпен бостандыққа шығуы ықтимал, деп хабарлады бейсенбіде ТаджикТА.

Тәжікстанда 12 мың жазасын өтеуші рақымшылықпен босатылады

«Тәжікстанда тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне жасалатын рақымшылықтың нәтижесінде 12 мың сотталушы босатылуы мүмкін», - деп мәлімдеді мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сонымен, босатылатындарға: әйелдер, кәмелеттік жасқа толмағандар, 55-тен асқан ер адамдар, I, II және III топ мүгедектері жатады. Бұдан басқа, онкологиялық аурулармен, туберкулезбен, жүректің ишемиялық ауруымен сырқаттанатын жандар рақымшылыққа ілігеді.

Мерзімінен бұрын босатуға жататындар: ҰОС, басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік іс-қимылға қатысқандар, Чернобыль АЭС апатында жарымжан болғандар, КСРО, Тәжік КРО мемлекеттік наградаларын иеленгендер, шетелдік азаматтар.

Сондай-ақ түрмеден келтірілген шығынның орнын толтыру жағдайы болған кезде қаражатты иеленген, жұмсаған, жымқырған адамдар босатылады.