Тәжікстанда 200-ден астам адам қар құрсауында қалды
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Тәжікстанның орталығы мен солтүстігін қосатын Душанбе-Чанак күрежолында қар көшкінінің салдарынан екі күн бойы 200-ден астам адам қар құрсауында қалып отыр. Бұл туралы Utro.ru сайты хабарлайды.
Соғды облысының әкімшілігі жолда тұрып қалған жүргізушілерге азық-түлік жіберді. Жолды қардан арылтуға қар тазалау техникасының 9 бірлігі жұмылдырылды.