13:00, 10 Қаңтар 2009 | GMT +5
Тәжікстанда әйел өз баласын 200 долларға сатпақ болды
МӘСКЕУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат – Тәжікстанда өзінің жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды. Ол баласын 200 долларға бермекші болған, деп мәлімдеді елдің Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығынан.
Бұл туралы ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қазір әйел оқшаулау абақтысында жатыр. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәжікстан ІІМ-ның мәліметтері бойынша жаңа туған сәбиді сатпақшы болған 10 әрекет тіркелген, оның сегізі ? Душанбеде орын алған.