13:10, 04 Мамыр 2017 | GMT +5
Тәжікстанда бір тәулікте үш рет жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан аумағында жергілікті уақытпен 01:30-да бір тәуліктің ішінде үшінші рет жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Ховар».

Тәжікстанның сейсмологиялық институтының дерегі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Душанбенің солтүстік-шығысынан 263 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісі ошағындағы сілкініс күші 5 балды құраса, Лахш ауданында - 4 балл, Душанбеде - 2 балға жеткен.
Тәжікстан Республикасының Үкіметіне қарасты төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті хабарлағандай, жер сілкінісінен үйлердің қирағандығы және зардап шеккендер туралы мәліметтер тіркелген жоқ.