Тәжікстанда электр қуатына шектеу енгізілді
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Тәжікстанда электр қуатын беруге шектеу енгізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азия-Плюс» ақпараттық агенттігінің сайтына сілтеме жасап.
Нақты қандай шектеу туралы және олар қай елді мекендерде қолданылатыны жөнінде сөз қозғалмайды. Агенттік компанияның баспасөз хатшысы Нозирджон Едгоридің «Барки Точик» («Тәжікстан энергиясы») электр энергиясы холдингі үнемдеу мақсатында салқын түскенге дейінгі уақытты ескере отырып, электр қуатын тәуліктің белгілі бір уақытында республиканың кейбір аумақтарына беруді тоқтата тұруға мәжбүр болып отыр», деген мәлімдемесін келтіреді.
Кеше, қарашаның 9-ында Тәжікстандағы аса ірі гидроэлектрстансысында (Нұрек ГЭС-і) апат болып, республиканың бірнеше сағат бойы жарықсыз қалғанын естеріңізге саламыз.