Тәжікстанда қазақстандық бизнесмендердің сауда-экономикалық миссиясы өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Душанбеде Қазақстанның сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруы әрі Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі мен «Қазкоммерцбанк-Таджикистан» АҚ-ның жәрдемдесулері арқылы Тәжікстанда қазақстандық бизнесмендердің сауда-экономикалық миссиясы өткізілді.

Тәжікстанда қазақстандық бизнесмендердің сауда-экономикалық миссиясы өткізілді

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хаюарлауынша, әскерлік келіссөздер нәтижесінде бірқатар қазақстандық компаниялар өз өнімдері үшін тікелей сатып алушыларды тапты. Жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 4 миллион АҚШ долларынан асты. Алғашқы экспорттық жеткізулер сәуірде басталады деп күтілуде.

Душанбеде Орталық Азиядағы ең ірі «Ашан» гипермаркетін іске қосып жатқан «Шивер-Таджикистан» компаниясы алдында қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін таныстырды.

Делдалдарсыз тікелей өндірістік алаңдардан сатып алу еркі бойынша Қазақстаннан тауарларды тасымалдау, соның ішінде жол-жөнекей және құрама жүктерді де жеткізіп отыру үшін отандық компаниялар 5 көлік компаниясымен келісім-шарт жасасты.