Тәжікстанда кездейсоқ ежелгі құмыра табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан аудандарының бірінен археолог мамандар ғасырлар қойнауынан жеткен 7 ірі ежелгі құмыраны тапты, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың жасалғанына 2000 жылдан астам уақыт болған. Тарихи маңызы бар бұл қазына аяқ астында жатыр десе де болады, сәл тереңірек қазса болғаны. Қазіргі уақытта құмыра табылған жерге археологиялық экспедиция баруға дайындалып жатыр.

Қазына кездейсоқ табылған: Фархор қаласының тұрғыны Гадоали Саидов өзінің үйінің алдындағы ағаштың тамырын қопсытып жүріп, ежелгі құмыраларға тап болған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум