Тәжікстанда Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум басталды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен таңғы сағат 6-00-де ашылды.
«Жалпыхалықтық референдум елдің негізгі заңына қазіргі ел президенті Эмомали Рахмонның жаңа мерзімге сайлануына рұқсат беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған», делінген ВВС агенттігі хабарламасында.