Тәжікстанда қылмыс жасап халықаралық іздеуде жүрген адам Өскеменде ұсталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Тәжікстанда қылмыс жасап халықаралық іздеуде жүрген адам Өскемен қаласында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауыр қылмыс жасағаны үшін Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт жасырынып жүрген қылмыскерді Өскемен полицейлері ұстады.

«27 жастағы ер адамға алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған. 2021 жылдың тамыз айында жәбірленушінің сеніміне кірген ол Латвия Республикасына виза алып беремін деп алдап, 2 325 АҚШ долларын алған. Аталған фактіге қатысты Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша департаменті қылмыстық іс қозғады. Алайда оны ұстау мүмкін болмады», - делінген ақпаратта.

Біраз уақыттан кейін ер адамның Қазақстан Республикасының аумағында жүргені анықталды. Содан соң халыралық іздеуде жүрген алаяқ Өскеменде ұсталып, Тәжікстан Республикасына жіберілді.


Соңғы жаңалықтар
telegram