Тәжікстанда мемлекеттік тілді білу міндеттелмекші

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Тәжікстан Республикасы парламенті төменгі палатасының отырысында депутаттар бірқатар заңдарға өзгерістер енгізіп, барлық деңгейдегі шенеуніктерге мемлекеттік тілді білу міндеттелмекші.

Тәжікстанда мемлекеттік тілді білу міндеттелмекші

Бұл туралы Айқын газеті жазады.

Нақтырақ айтсақ, «Мәжіліс депу­таттарын сайлау туралы», «Халық де­путаттары жергілікті мәжілістеріне де­путаттар сайлау туралы» және «Ауыл­дар мен елді мекендерде өзін-өзі басқару органдары туралы» заңдарға өзгеріс енгізіледі. Осыған байланысты депутаттардан бастап, қарапайым шенеуніктерге дейін тәжік тілін терең әрі жан-жақты білуге тиіс.

Тәжікстан үкіметі жанындағы Тіл және терминология комитетінің бас­шысы Додихудо Саймиддиновтің айтуынша, ел Конс­ти­туциясына, бар­лық нормативті-құ­қықтық актілерге сәйкес мемлекеттік тіл - тәжік тілін барлық деңгейде қол­дану міндеті көзделген. «Бұл талап - әлемдік пар­ламентаризм тәжіри­бесінде жаңалық емес» деді Сай­мид­динов.

Ислам даму партиясының же­текшісі, депутат Мұхиддин Кабири бұл түзетулердің ақылға сыйымды, тал­қыға салуға жатпайтындығын мә­лімдеді.