Тәжікстанда Ми-8 тікұшағы құлады: қаза болғандарды іздестіру жалғасуда
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Тәжікстанның арнайы қызметі 7 қазанда Ми-8 тікұшағының елдің шығысындағы Рашт ауданында апатқа ұшырауы кезінде «Альфа» таңдаулы бөлімшесі 20 жауынгерінің 18-і қаза болғанын ресми түрде растады.
Жақында тәжік «Орталық құтқару» іздестіру тобының адамдары Сурхоб тау өзенінің бойынан тағы бір әскери адамның, нақтырақ айтқанда, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің прапорщигі Сухроб Мирзоевтың денесін тапты.
Дүйсенбі күні Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Қоғаммен байланыс орталығы ИТАР-ТАСС тілшісіне әзірге із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында саналатын арнайы қызмет органының екі жауынгері іздестіріліп жатқанын ресми растады.
Бұған дейін тікұшақтың иесі болып табылатын Тәжікстан Ұлттық ұланының қолбасшылығы жеті әскери жауынгердің қаза тапқанын, оның үшеуі экипаж мүшесі екенін хабарлаған еді. Үкіметтік комиссияның тұжырымына сәйкес, апат техникалық ақаулардың салдарынан орын алған.