Тәжікстанда ресейлік үш сарбазды тау өзені ағызып әкетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік базаның үш әскери сарбазы Тәжікстанда жоспарлы жаттығу уақытында ағыны қатты тау өзеніне құлап кетті. Іздестіру жүргізілуде.

Тәжікстанда ресейлік үш сарбазды тау  өзені ағызып әкетті

Бұл туралы журналистерге Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

ТАСС хабарлағандай, әңгіме 201 әскери базада келісімшартпен қызметін өтеп жүрген сарбаздар жайында. Су кедергілерін еңсеру жаттығуы барысында олар ағысы қатты тау өзеніне құлап кетті.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін орынға Орталық әскери округтен комиссия келді.