Тәжікстанда шетелдік туристерге шабуыл жасағандардың көзі жойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Хатлон облысында шетелдік туристерге шабуыл жасаған үш күдіктінің көзі жойылды. Бұл туралы Тәжікстан ІІМ мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы.
«Арнайы операция барысында Дангара ауданындағы Осмондар қышлағында іздеу салынған үш күдікті анықталып, жойып жіберілді»,-делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Тәжікстанда автомобиль бір топ туристі басып кетіп, салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын.
Тәжікстан ІІМ басшысы Рамазан Рахимзаде, бұл оқиға Хатлон облысында болғандығын мәлім етті.
АҚШ, Швейцария, Нидерланды және Франциядан келгенжеті велосипедші зардап шекті, олардың төртеуі көз жұмды, - деді Рахимзаде.
Министр бұл келеңсіз жағдайдың ұрлық үшін жасалуы, сондай-ақ терракт екендігін де жоққа шығармады.
Қылмыскерлерді ұстау шарасы барысында екеуінің көзі жойылған, біреуі -жараланған.
Олардың бірінен тапанша табылды.