Тәжікстанда соңғы 40 жыл ішінде мұздықтардың 35 пайызы еріді

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Тәжікстанда соңғы 40 жыл ішінде мұздықтардың 35 пайызы еріді.

Тәжікстанда соңғы 40 жыл ішінде мұздықтардың 35 пайызы еріді

Бұл туралы Тәжік телеграф агенттігі мәлім етті.

«БҰҰ жанындағы Тәжікстан Республикасы тұрақты өкілдігінің бастамасы бойынша БҰҰ штаб-пәтерінде «Мұздықтардың, мұзтаулардың және қардың еруі және оның таза ауыз су көздеріне әсері, табиғи апаттар, экожүйесі» тақырыбында арнайы отырыс өтті. БҰҰ жанындағы Тәжікстанның тұрақты өкілі Сироджиддин Асловтың айтуынша, әлемдегі ауа райына, су ресурстарына әсер ететін мұздықтардың қарқынды түрде еруі алаңдатып отыр. Тәжікстанда соңғы 35-40 жыл ішінде мұздықтардың 35 пайызы еріген», - деп хабарлайды ТР СІМ ақпарат департаменті.