Тәжікстанда таэквондо бойынша өткен Азия чемпионатында СҚО-ның екі спортшысы 9 медаль еншіледі
ПЕТРОПАВЛ. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық спортшылар Илья Хван пен Александр Поляков Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында өткен таэквондо бойынша Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті.
Спортшылар алтын медальді командалық арнайы техникада ұтып алды. Илья Хван Азия чемпионы атағын жеке споттық рингте, Александр Поляков болса жеке арнайы техникада еншіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары күміс наградаларды командалық есепте жеңсе, қола медальді командалық спорттық рингте жүлделеді.
Солтүстікқазақстандық спортшылардың жақсы нәтиже көрсетулерінің арқасында Қазақстанның құрамасы Азия чемпионатына қатысқан 20 команданың ішінде жалпыкомандалық 3-ші орынға ие болды.