Тәжікстанда тербелісі 5,4 жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 735 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында тербелісі 5,4 жер сілкінісі болды.
«2016 жылғы 1 шілдеде, Алматы уақытымен 20 сағат 58 минут, 54 секундта (Гринвич бойынша 2016 жылғы 1 шілдеде 14 сағат 58 минут 54 секундта) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 735 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 12,3. MPV тербелісі 5,4. Ошағының координаттары 38.80° с.е. 70.39° ш.б. Тереңдігі 15 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) ақпарат жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.