Тәжікстанда тұрғындар коронавирусқа қарсы вакцина салуға міндеттелді

ДУШАНБЕ. ХОВАР -ҚазАқпарат – Тәжікстанда 18 жастан асқан азаматтар үшін коронавирусқа қарсы вакциналауды міндетті шара деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстанда тұрғындар коронавирусқа қарсы вакцина салуға міндеттелді

«Республикасында Covid-19 таралуын болдырмау жөніндегі эпидемияға қарсы шараларды күшейту бойынша республикалық штабтың шешіміне сәйкес 18 жастан асқан азаматтар үшін коронавирусқа қарсы вакцинация міндетті болып табылады», - делінген агенттік хабарламасында.