Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тәжікстанда туыстарға некеге отыруға тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда азаматтық хал актісін тіркеу туралы заңға және республиканың отбасы кодексіне түзетулер күшіне енді. Оған сәйкес жақын туыстар арасындағы некеге тыйым салынады және жас жұпты міндетті медициналық тексеру енгізілген.

Тәжікстанда туыстарға некеге отыруға тыйым салды

Заң құжаттарының жаңа ережелеріне сәйкес «бөле-немере ағайынды-әпкелі, сондай-ақ аға, апаларға өзінің жиен-немере туыстарымен некеге отыруға тыйым салынады», -  деп мәлімдеді осы жылғы қаңтарда үкімет ұсынған түзетулерді қолдаған ел парламентінің баспасөз қызметі.    

Бұдан бұрын Тәжікстан денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Нусратулло Салимзода елде 2015 жылдың басында 30 мыңнан астам мүгедек бала тіркелгенін хабарлаған, олардың көпшілігі - жақын туыстарымен отбасы құрғандардың балалары.

Мұндай деректерді ДСжӘҚМ ана мен балаға медициналық қызмет ұйымдастыру және отбасыны жоспарлау басқармасының бастығы Шерали Рахматуллоев келтіреді.  Оның айтуынша, «республикада 26 мыңнан астам мүгедек бала тіркелген, олардың 35 пайызы  туыстарымен қосылған отбасының балалары, ал 10-20 пайызы- ата-аналары инфекциялық аурумен ауыратын балалар».

Рахматуллоев жұптарды медициналық тексеру тегін екенін атап өтті. «Заң күшіне енгеннен кейін және жас жұптардың бірінде инфекциялық ауру анықталған жағдайда, ол толық емделу курсынан өтуі тиіс және сауыққаннан кейін ғана некеге отыруға рұқсат беріледі», - деп нақтылады ол.

АХАЖ органдарының бүгіннен бастап медициналық анықтамасыз жас жұбайларды некеге отырғызуға құқығы жоқ, деп хабарлады ТАСС.