Тәжікстанда YouTube видеохостингіне қолжетімділік шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде Тәжікстанда YouTube видеохостингіне қолжетімділік ішінара шектелді. Бұл туралы осы елдегі Интернет-провайдерлер қауымдастығының төрағасы Асомиддин Атоев мәлім етті, деп жазады Утро.ру.
YouTube Тәжікстанда өткен жылдың шілдесінен бастап төртінші рет жабылып отыр. Соңғы екі жылда бұл елдің билігі түрлі сайттарды бірнеше мәрте шектеген болатын, оның ішінде Facebook әлеуметтік желісін, ресейлік жаңалықтар порталдарын шектеген еді. Сол кезде олар бұны техникалық проблемалармен түсіндірген көрінеді.
«Қазіргі кезде видеохостингке қолжетімділікті кем дегенде төрт интернет-провайдер шектеді», - деді Атоев.