Тәжікстанда жолаушылар автобусы 50 метр биіктіктен өзенге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстандағы ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың ішінде кішкентай балалар да болған, деп жазады khabar.kz.

Тәжікстанда жолаушылар автобусы 50 метр биіктіктен өзенге құлады

Апат Соғды провинциясындағы Матча ауданында таулы трассада орын алған.

Автобус өзенге 50 метрден астам биіктіктен құлады. Апат себептері тексерілуде. Болжам бойынша, автобус жүргізушісі ұйықтап қалған болуы мүмкін.