Тәжікстандағы көшкін: 10 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономды облысынан көшкін салдарынан 10 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.
None
None

Облыс билігі жапа шеккендерді мектептерге немесе туыстарының үйлеріне аттандыруда.

Тәжік құтқарушыларының хабарлауынша, үлкен сел Гунд өзеніне құйылып, ондағы судың көтерілуіне түрткі болды. Енді Шугнан ауданының ондаған елді мекенін және 30 мың тұрғыны бар Хорога қаласын су басу қаупі төнді.

Таулы Бадахшанның жапа шеккен Барсем мен Колхозобад елді мекендеріне тікұшақпен қажетті заттар апарылып жатыр. Бұл аудандардың тұрғындары таулы жерлерде үйсіз-күйсіз үшінші тәулік өмір сүруде.

Аймақтағы ірі электр тарату желілері істен шықты. Көшкін 50-ден астам тұрғын үйді қиратты, 2 шақырымдай автомобиль жолына зақым келтірді, Таулы Бадахшан ауданының Барсем және Колхозобад елді мекендерінде электр тарату желілерін істен шығарды.

Соңғы жаңалықтар