Тәжікстанның 3 азаматына қатысты көші-қон карточкалары мен уақытша тіркеу парақтарын қолдан жасады деген күдік келтіріліп отыр

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сауықтыру шаралары аясында Астана аумағындағы саяжайларды тексеру кезінде көші-қон карточкалары мен уақытша тіркеу парақтарын қолдан жасады деген күдікпен Тәжікстанның 3 азаматы анықталды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Астана қаласы ІІД Көші- қон басқармасының бастығы Құсайын Сандыбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құжаттарды қолдан жасағаны сараптамалық жұмыс барысында дәлелденсе, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалады»,-деді ол.

Қ. Сандыбаевтың сөзіне қарағанда, аталған азаматтардан елордадан кетпеу туралы қолхат алынды.

Басқарма бастығының айтуынша, жалпы жыл басынан бері саяжайлар аумағында 8 қылмыс жасалған. Оның екеуі еліміздің басқа облыстарынан келген азаматтарға қатысты, сондай-ақ біреуі анашамен ұсталған Ресей азаматы.

Соңғы жаңалықтар