Тәжікстанның арнайы қызметтері би кешіндегі жарылысты лаңкестік әрекет деп санайды

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін түнде Душанбеде би кешінде болған жарылысты лаңкестік әрекет деп қарастырып отыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі тәжіктің арнайы қызметтеріне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Тәжікстанның арнайы қызметтері     би кешіндегі  жарылысты лаңкестік  әрекет деп санайды

Шағын қуатты түтінсіз құрылғының жарылуы салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, жеті адам зардап шеккен, олардың екеуінің жағдайы - өте ауыр. Оқиғаның ісі суымай, екі күдікті ұсталып отыр. Кейбір деректер бойынша, жарылысты мұсылмандардың ораза айы кезінде жұмыс істеп жатқан ойын-сауық мекемелеріне наразылық білдіруші жас діни фанатиктердің ұйымдастыруы ықтимал.

Сарапшылар, халықтың 98 пайызы исламды уағыздайтын тәжік қоғамында соңғы уақытта ораза кезінде ойын-сауық мекемелерін жауып, спирттік ішімдіктер сатуға тыйым салу туралы үндеулердің жиі айтылып жатқанына назар аударып отыр.