14:56, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Тәжікстанның басқарушы партиясы президенттікке кандидат ретінде Э. Рахмонды ұсынды
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Тәжікстанның басқарушы партиясы Эмомали Рахмонды президенттікке кандидат ретінде ұсынды.

Ол үшін республиканың түрлі өңірінен мыңнан астам депутат дауыс берген.
Тәжікстанда президент сайлауы 6 қарашада өтеді. Ертең 62 жасқа толатын Рахмон елді 21 жыл бойы басқарып келеді. Президенттікке үміткер ретінде оны Жастар одағы съезі мен Тәжікстанның тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы да ұсынды, деп хабарлады Ресей «Жаңалықтар» қызметі.