Тәжікстанның Қытайға қарызы елдің ІЖӨ-нің 0,15 пайызын құрайды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Қытайға несиелік қарызы ішкі жалпы өнімінің 0,15 пайызын құрайды. Бұл туралы ҚХР-дағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рашид Алимов мәлімдеді.

Тәжікстанның Қытайға қарызы елдің ІЖӨ-нің 0,15 пайызын құрайды

Оның айтуынша, Тәжікістан үкіметінің 2015 жылғы 1 қаңтардағы деректері бойынша, мемлекет қарызы 1 миллиард 865 млн. доллар немесе ІЖӨ-нің 20,2 пайызын құрайды. Қытайдан алған несие қарызы ішкі жалпы өнімнің 0,15 пайызын құрайды.

«Қытай үкіметіне Тәжікстанға өтеусіз көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз және бұл қаражат инфрақұрылымдар мен әлеуметтік нысандар құрылысына бағытталған», - деп атап өтті ол.

Ол қытай капиталы мен кәсіпорындары Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон айқындаған үш стратегиялық мақсатқа қол жеткізу бойынша ауқымды жұмысқа белсенді қатысып жатқанын атап өтті. Оған коммуникациялық тұйықтан шығу, энергетикалық тәуелсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі жатады. «Тәжікстандық әріптестермен бірлесіп қытай компаниялары инфрақұрылымдық нысандар, жолдар мен көпірлер салуға қатысады, мақта, астық, жүгеріден жоғары өнім алу үшін тәжірибелерімен, жаңа технологияларымен бөлісіп жатыр», - деп түйіндеді ол.